Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мәселесі алдымен балабақшада жүзеге асырылады. Балалардың ақыл-ойы мен мінез-құлығының дамуында тіл маңызды рөл атқарады.

Біздің мақсатымыз – балаларды ата-бабадан қалған салт-дәстүрге, адамгершілікке баули отырып,жаңа технологияны меңгерту.

Осы мақсатымыз жүзеге асуы үшін біз ең алдымен өзіміздің ана тілімізді меңгеруіміз қажет. Бүгінгі таңда тіл туралы көп айтылады.Тіл білген адам-мәдени,рухани жан азығы мол адам. Адамның ойы тілден көрінеді.

Сондықтан балабақша қабырғасынан бастап тіл үйретудің маңызы зор.

Қазақ тілі мұғалімі